Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биылғы төтенше жағдайға байланысты

ораза айт мейрамын өткізу туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ 

 

Аса Рақымды ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз!

 

Құрметті отандастар, қадірменді жамағат!

Мұсылман қауымының ұлық мерекесі Ораза айт мейрамымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз.

Ораза айт мерекесі – бір ай бойы шынайы ықыласпен ораза ұстап, әр күнін жақсылық жасаумен өткізген адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезі. Алла Тағала құдси хадисте: «Пенделерiм Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн…», – деген.

Ислам дінінде кез келген мереке ғибадатпен бастау алады. Шариғатымыз бойынша айт намазын жамағатпен оқу – уәжіп. Алайда, биылғы ораза айт намазы еліміздегі карантин жағдайына байланысты мешіттерде жамағатпен өткізілмейді. Ханафи мәзһабы бойынша айт намазын үйде жеке оқу дұрыс емес.

Бірақ, айт күні күн найза бойы көтерілгеннен кейін әркім өз үйінде екі немесе төрт ракағат нәпіл (дұха) намазын жеке оқи алады. Оны төрт ракағат етіп оқу – абзал. Абдулла ибн Масғуд (Алла одан разы болсын): «Айт намазын оқи алмаған адам төрт ракағат намаз оқиды. Бірінші ракағатта «Фатиха» сүресінен кейін «Сәббихисмә раббикәл-ағлаа», екінші ракағатта «Уәш-шәмси уә духааһәә», үшінші ракағатта «Уәл-ләйли изаа яғшаа», төртінші ракағатта «Уад-духаа» сүрелерін оқиды», – деген. Ал аталмыш сүрелерді жатқа білмейтін кісілер басқа да сүрелерді оқыса болады.  

Айт күні сәресін ішпейді, күндіз аузы ашық болады. Өйткені, хадисте: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза және құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салатын» делінген.

Ораза айт – мереке. Сондықтан мейрам күні ата-анамызға, отбасымызға, балаларға, тума-туыстарға сыйлық үлестіру – сауапты әрі игі іске жатады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, араларыңда сүйіспеншіліктерің артады» – деп өсиет еткен.

Ораза айт – кешірім жасайтын күн. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әрбір жүрегі пәк – тілі шыншыл адам», – деді. Сахабалар: «Тілі шыншыл деген түсінікті, жүрегі пәк дегенді қалай түсінеміз» деп сұрағанда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жүрегі пәк дегеніміз тақуа, таза, ыза және көре алмаушылықтан ада адам», – деді.

Ораза айт – мұқтаждарға көмектесетін күн. Құран Кәрімде: «Аллаға құлшылық етіңдер, Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық жасаңдар», – делінген («Ниса» сүресі, 36-аят).

Жаратқан Алла әрбіріміздің ораза айт күні жасаған ізгі істерімізді, дұға-тілектерімізді қабыл етіп, жылдан жылға, айдан айға аман-есен жетуді нәсіп еткей!

Четверг, 21 Май 2020 16:23

Әулиекөл: Рамазан шуағы

Еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қайырымдылық шарасын ұйымдастыру жөніндегі үндеуі аясында Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінде тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды. 

Төтенше жағдай кезінде көпшілік орындарда бұрынғыдай ауызашар берілмеуіне байланысты сауапты істер жүзеге асырылуда. Мешітте осы күнге дейін есепшотқа түскен қаражаттан көмекке мұқтаж 30 отбаына арнайы азық-түлік қоржыны таратылды. «Рамазан шуағы» қайырымдылық акциясы бұдан әрі жалғасын табуда.

Аудандық мешіттің Бас имамы Нұрлан қажы Сейілханұлы осы қызметке тағайындалғалы бергі атқарған жұмыстарына жергілікті халық дән риза.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жақында Меңдіқара аудандық "Зұлқарнайұлы Мұса қажы" мешіті аудандық мәдениет үйімен бірлесіп Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойы аясында келелі шара өткізді. Ол осынау Ұлы отан соғысының 75 жылдығына орайластырылып "Аталар айтқан ақ бата"сайысы онлайн түрінде өткізілді.

Осы шараға аудандағы 60 жастан асқан 8 ақсақал қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша әділ қазылардың шешімімен І, ІІ және ІІІ орынға ие болған жүлдегерлерді аудандық мешіттің имамы Еркебұлан Қошан Жаңбырбайұлы құттықтап, бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Ал қалған 5 қатысушыда марапатсыз қалған жоқ. Оларды ынталандыру мақсатында мақтау қағаздары берілді. Аудандық "Зұлқарнайұлы Мұса қажы" мешітінің имамы барша сайысқа қатысушылармен «Юбилейный» мәдениет үйінің қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қасиетті Рамазан айының соңғы күндері игі сауапты істерді қолдаушы азаматтардың қатары көбеюде. Осы орайда «Зерновая индустрия» агрохоллдингі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымының көрсеткен өнегесі баршаға үлгі.

Мәселен, олар Қадыр түні қарсаңында бір ірі қара сойып, 40 отбасыға үлестірді. Сонымен қатар оған қосымша азық-түлік қржыны да таратылды. Рамазан басталғалы 80 шаңыраққа қайырымдылық көмек жасалып, көпшіліктің алғысына бөленді.

Жалпы, Қарабалық аудандық «Ғашура ана» мешітінің Бас имамы Серік қажы халыққа мемлекетіміздегі ұстанған карантин жағдайына қарай «қасиетті түнді» үйде қарсы алуды айтып өтті. Қазіргі қалыптасып отырған жағдайға байланысты мұсылман ағайындар бәріне де түсіністікпен қарады. Сауабы мол күнге орай Құран хатым оқылып бағышталды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

ҚМДБ ҚАДІР ТҮНІНДЕ ОНЛАЙН БАҒДАРЛАМА ҰСЫНАДЫ

Бүгін – Қадір түні. Қасиетті түннің құрметіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Хикмет» студиясы және Діни басқарманың youtube каналы арқылы 00:30-дан 02:40-қа дейін «Мың айдан да қайырлы Қадір түні» атты онлайн бағдарлама ұсынады.

Тікелей эфир ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Қадір түніне арналған құттықтау сөзімен ашылады. Одан әрі Мырзатай Жолдасбеков, Ғарифолла Есім, Бақытжан Ертаев т.б ел ағалары мерекелік лебізін білдіреді.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде 24 сәуірде басталған  «Рамазандағы Құран хатым» атты онлайн хатым оқу («Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы) шарасы түйінделіп, Құран хатым дұғасы жасалады. «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов «Құлшылық жасаудағы ықылас-ниеттің орны», ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров «Зікір, салауат және тасбих айтудың артықшылығы», ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков «Ислам – мейірім діні» тақырыптарында уағыз-насихат айтады.

Онлайн бағдарлама барысында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов көрермендер тарапынан қойылған дін тақырыбындағы сұрақтарға жауап берсе, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы Хамзат Әділбеков тікелей эфирде викториналық сұрақ жолдайды. Сондай-ақ «Қадір түніндегі құлшылық», «Қадір түнінің дұғасы» бейнероликтері көрсетіледі. Бағдарламалардың ойдағыдай өтуін «Хикмет» студиясының тілшісі Еркін Шәкір қадағалайды.

Айта кетейік, Қадір түні еліміздің кейбір телеарналары мен радиолары да хабар арнайды. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы қасиетті түнде 22:00-ден бастап таңсәріге дейін тікелей хабар таратса, Qazaq radiosy 18:10-нан бастап арнайы шығарылым ұсынады.

Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай Ұзынкөл ауданында майдангер жалғыз ардагер Әнуар Жүсіповке лайықты құрмет көрсетілді. Оған аудандағы азаматтар өздерінің лайықты үлестерін қосты.

Осындағы «Балықты» мешітінің жанында ауыл тұрғындары, кейінгі буын өкілдері көп жиналды. Аталмыш басқосуға арнайы келген Қостанай облысының бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет 100 жасқа келген Ұлы Отан соғысының ардагері Әнуар Жүсіповке ат мінгізді. 

Бұл салтанаттаБахытбек қажы Нұрғабылұлы тебірене сөз сөйлеп, қанды майданда аталарымыз бен ағаларымыз Отан үшін от кешіп, ерліктің нағыз үлгісін көрсеткенін айтты. Қазіргі ұрпақ олардың алдында мәңгілік қарыздар екендігіне тоқталды. 

Сондай-ақ, жоғарыда аталған жиында ғасырға толған ақсақалға сыйлық ұсынып, иығына шапан жапқан азаматтар да оған ең ізгі тілектерін білдірді. Ал «Балықты» мешітінің алқа мүшесі Кенесары Мырзахметов өзінің жазған өлеңін көпшілік алдында оқып берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Понедельник, 18 Май 2020 16:15

Сарыкөл: Алғыс арқалаған

Өңірімізде «Бірлік түбі береке» қайырымдылық акциясы жалғасын тауып, жұртшылық тарапынан үлкен ілтипатқа ие болуда. Бұл ретте «Жақсылықта жарысыңдар» деген ұранмен жерлестеріміз күн сайын халлықа қызмет жасауда.

Таяуда Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінде құрбандыққа қара мал шалынып, оның көмекке мұқтаж отбасыларға таратылды. Осынау қасиетті Рамазан айындағы сауабы мол іс-шараға «Олжа Арыстан ПК» ЖШС-нің директоры Нұрсұлтан Тұрарұлы мұрындық болды.

Осылайша іскер бауырымыз сарыкөлдік ағайындардың шынайы алғысына бөленді. Қайырымдылық акциясының тиісті деңгейде өтуіне мешіт қызметкерлері мен жамағаттары да өздерінің үлестерін қосты. 

Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген осы емес пе! Олардың осы ұйымшылдықтары барша мешіт ұжымдарына өнеге.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінің Бас имамы Нұрбол Балахметов Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлының «Бірлік түбі береке» атты акциясын қолдап, қайырымдылық шараларын жүзеге асырып келеді.

Соның бір айғағы ретінде жақында Құсмұрын бекетінде орналасқан УК 161\4 түрмесінде жазасын өтеп жатқандардың арасында ораза тұтқан 50 адамға ауыз ашарға жасады.

Бас имам Нұрбол Исламұлының айтуына қарағанда, мұндай қайырымдылық акцияларының сауабы мол. Сондықтан болашақта да осындай ізгілік мақсатындағы жұмыстар жалғаса бермек.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Понедельник, 18 Май 2020 16:11

Рудный: Барлық кәсіп те қадірлі

Өзіміз күнделікті шаһарда көріп жүретін қарапайым аула сыпырушысы тек көшенi, ауланы тазалаушы ғана емес. Бұл мамандық иесі. Ол жалпы қала көркiн қалыптастыруға үлесін қосатын жан.

Кішкене ойланып көрелікші. Бір күн ауламыз тазаланбай қалса, қандай күйде боламыз? Күтусiз қалған көп қабатты үйдің маңы бiрнеше сағаттың iшiнде күл-қоқысқа толып қалады емес пе.

Рудный шаһарындағы «Нұр» мешітінің ұжымы «Тазалық – иманның жартысы» екендігін жете түсінеді. Сондықтан болар өзге әріптестеріне үлгі боларлық сауапты істі жүзеге асырды.

Кеншілер қаласындағы жыл он екі ай бойы уақытпен санаспай аулалардың тазалығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген 160 қызметкерге палау мен ыстық нанды таратты.

Осынау қайырымдылық акциясы барысында мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев «Рахат» ЖШС қызметкерлерін қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтап, оларға зор денсаулық, жұмыстарында толағай табыстар тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Понедельник, 18 Май 2020 16:10

Меңдіқара: Мейірімділік шапағаты

Үстіміздегі жылғы қасиетті Рамазан айы әлемді жайлаған дертке қарамастан ұйымшылдықпен өтуде. Саналы да парасатты азаматтар күн көрісі төмен отбасыларға өздеріндегі барымен бөлісіп, олардың шынайы алғысын алып жатыр.

Осы арада нақты мысалға жүгінелік. Мәселен, бұл орайда Меңдіқара ауданындағы "Олжа" Боровской жеке шаруашылық қожалығы басшыларының адамгершілік қасиеттерін айрықша атап өткен лазым.

Іскер азаматтар бір ірі қара малды шалып, құран оқытты. Мешіт қызметкерлерінің батасын алды. Сөйтіп, етті 22-кісіге таратып берді. Әрине, қуанышқа бөленген жерлестері кәсіпкерлерге шын жүректен шыққан ыстық ілтипатын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником