Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Өткен жылдың қазан айында өз жұмысын бастаған Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті жанындағы діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетіп, қорытынды кеш ұйымдастырылды.

Білім алушы шәкірттерге мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы, наиб имам Есбол Айтмұханбекұлы және ұстаз Арлан Бауыржанұлы тәлімгерлік етіп, білім нәрімен сусындатты.

Мұндай талапты жастар өткен кезең ішінде тек білім алып қоймай, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында бой сергітер спорттық ойындар және басқа да жарыстарға қатысып, шеберліктерін шыңдады.

Сонымен қатар мешітте өткізілген қайырымдылық шараларына белсенді қатысып, зейнеткер, мүмкіндігі шектеулі жандардың отбастарында болып, оларға көмектерін көрсетті.

Жақында сынақтан ойдағыдай өтіп, жан-жақты білімдерін дәлелдеген 30 шәкіртке жоғарыда аталған мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев куәліктерді табыс етті.

Оларға шаһардағы аға буын өкілдері, яғни қажы ақсақалдар ақ баталарын беріп, үлкен өмірге қадам басқан түлектерге сәттілік тіледі. Содан кейін дастархан жайылып, ас берілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Вторник, 24 Май 2016 17:13

Өзекті мәселелер қамтылды

Жуырда Рудный кеншілер қаласындағы алып комбинаттың Жөндеу-механикалық, Металлопрокат зауыттары, УПХиС, УРТО, ТЭЦ, Фабрика және Көлік басқармасы мекемелерінің жұмысшыларымен және қалалық аурухананың қызметкерлерімен «Бірлікті сақтау және фитналардан аулақ болу» атты тақырыпта ауқымды семинарлар болып өтті.

Бұл семинарларға аталған шаһардағы «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Темірбекұлы қатысты. Дін қайраткері жүздесуде жиналғандарға ислам әрқашан да бейбітшілікті қолдайтындығын, оның ұстанған мақсаты ізгілік, ауызбірлік екендігін айтты.

Басқа да бүгінгі таңдағы жұртшылықты толғандырып жүрген өзекті мәселелерге де кеңінен тоқталды. Әрбір азамат дін жөнінде сауаты болса, теріс ағымдардан аулақ болатындығын баяндады.

Қазіргі таңда мемлекетіміздің өсіп өркендеуі үшін халықтар арасындағы достық қарым-қатынас ерекше орын алатындығын тілге тиек етті.

Басқосуларда жұртшылық тарапынан сауалдар да қойылды. Бас имам ол сұрақтардың бәріне де нақты мысалдар келтіре отырып, жауап берді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 23 Май 2016 10:51

Зираттың маңы тазаланды

Жылда көктем келісімен өңірдің жер-жерлеріндегі зираттардың айналасын тазалау жұмыстары қолға алынады. Биыл да бұл маңызды мәселе өзінің жалғасын тауып жатыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет бүгін әңгімеге арқау болып отырған жайға ерекше көңіл бөлуде.

Соның бір жарқын айғағы ретінде жақында Қостанай шаһарындағы Әуежай маңындағы орын тепкен қабір басын яғни, зираттарды тазалау жұмысы ұйымшылдықпен атқарылды.

Оған аруақтарды сыйлайтын азаматтар белсене қатысып, өздерінің бойларындағы асыл қасиеттерін көрсетті.

Осы тазалыққа байланысты жұмыстың басы-қасында облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы және Қостанай қалалық мешітінің бас имамы Шоқан Әмірхановтар болды.

- Дүниеден өткен ата-бабаларымызға, барша азаматтарға құрмет көрсету тірілердің парызы. Сондықтан да мұндай игі мақсаттағы шаралар облыстың барлық аудандары мен қалаларындағы зираттарда жалғасын табады,- дейді ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 20 Май 2016 12:02

Тәні саудың – жаны сау

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі және Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасымен «Социум & Я» Қоғамдық бірлестігі бірігіп, дін жолында жүрген жастар мен бауырлар арасында мини-футболдан жарыс өткізді.

Жарыс намазхандардың арасында бір-біріне бауырмашылдылығын, елге деген отансүйгіштігін арттыру мақсатында өткізілген болатын.

Осы шараға 8 команда қатысып, жақсы нәтиже көрсеткендерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мұндай шара бұған дейін де Қостанай ауданы Затобол кентінде де өткізілген болатын.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Жақында өңірдегі барша қазақ кәсіпкерлеріне үлгі-өнеге боларлықтай оқиға болды. Бұл облыс орталығындағы Байтұрсынов көшесі 49-шы үйдің ғимаратынан, яғни орталық саябақтың қарсы бетінен «Дастархан» деп аталатын халал кафесінің салтанатты түрде ашылуы еді.

Осы жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет қатысып, кәсіпкер Гүлбақыт Бекмурзинаға шын жүректен ізгі ниетті қадамы үшін сәттілік тіледі.

Бұл кафені жалға алып отырған қазақ қызы Гүлбақыт көптен ойда жүрген арманы жүзеге асқанына шексіз қуанышты. Қасиетті Рамазан айы қарсаңында бұл игі істі қолға алды.

Енді, жерлестеріміз бұл жерден ұлттық тағамдарымызды, сондай-ақ қымыз, шұбат, көже секілді таңсық сусындарды басқа жақтан іздеп әуре болмайды. Кез келген уақытта тұтына алады. Мұнда мұсылмандығымызға жат арақ-шарап мүлдем сатылмайды.

-Өздеріңіз куә болған кафе Қостанай облысында ресми түрде бірінші рет ашылып отыр. Осынау көпшілік келетін орынды жалға алған Гүлбақыт Бекмурзина қазақтың іскер қызы. Оның қарамағында тазалық пен адалдықты, ислам дінін пір тұтқан қыздар қызмет көрсетеді.

Мен өз басым алдағы уақытта ұлтымыздың барлық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы берік сақталған жаңа орын тек тағам әзірлеп қана қоймайды, кейінгілерге ғибрат көрсетерлік парасат пен руханият ордасына айналатындығына нық сенімдімін, - дейді облыстық Марал ишан мешітінің наиб имамы Әбдіқаһар Ерматов.

Иә, өзіміз жылда асыға күтетін қасиетті Рамазан айы алдында осындай тағылымы мол орынның ашылуы жақсылықтың нышаны екендігі сөзсіз. Гүлбақыт Бекмурзинаның бастамасы өзге қандастарымызға да жұғысты болғай.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Ардагерлер қандай ілтипатқа да лайықты

Біздің қазақ «Қарты бар елдің қазынасы бар» дейді. Бұл өте тауып айтылған сөз. Өйткені, өмірдің бірқатар асуларынан өткен аға буын өкілдері туған жері мен еліне адал қызмет атқарған абзал жандар.

Олардың ұлағатты да даналы сөздерінің өзі кейінгі өсіп келе жатқан жастарға ғибрат екендігі де белгілі. Міне, осы жайға ерекше көңіл бөлген өнегелі басқосу Қостанай шаһарының 9-шы шағын ауданындағы қалалық мешітте ұйымдастырылды.

Бұл игілікті шараны өткізуге облыстық «Марал ишан» мешіті мен Шоқан Әмірханов басқаратын қалалық мешіттің қызметкерлері мұрындық болды. Осынау басқосуға кешегі Ұлы Отан соғысындағы қанды майданды бастан кешкен қарттар, тылда еңбек еткен зейнеткерлер және елге сыйлы азаматтар шақырылды.

Кешті Қазақстан қажылар қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы, «Зекет» қорының өңірдегі өкілі Жақсылық қажы Ғайсин жүргізіп, бұл жиынның мәнді де маңызды болуына елеулі үлесін қосты.

Дастархан басындағы жүздесуде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет арнайы шақырылған аға буын өкілдеріне шын жүректен шыққан шынайы лебізін білдіріп, оларға алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбастарына ырыс-береке тіледі.

Сондай-ақ бұл кездесуде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі ақын, дін тақырыбында қаншама кітаптар жазған Ақылбек Шаяхмет, майдангер, байырғы журналист Дәуренбек Ахметбеков және басқа да ардақты ағаларымыз сөз сөйледі.

Жүздесудің соңында ғасыр құрдасы Күлімжан апамыз бұл жиынды ұйымдастырушыларға алғысын айтып, ақ батасын берді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызмет

Четверг, 12 Май 2016 17:30

Құран жарысы

Жуырда облыс орталығында қыздар арасындағы Құран жарысы болып өтті. Оған өңірдегі барлық мешіттерден 22 талапкер қатысып, бақтарын сынады.

Онда қатысушылар өзін-өзі таныстыру, Фатиха сүресін жатқа, Құранды мәнерлеп оқудан, тәджудтен білімдерін көрсетті.

Арнайы құрылған қазылар алқасы барлық талапкерлердің білім денгейіне ерекше назар аударды. Олардың жан-жақты дайындықпен келгендіктеріне көздері айқын жетті.

Сайыстың қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар тапсырылды.

1-ші орынды 1 пара жаттауда Жолдыбаева Ардақ екінші орынды Сайранова Жақсыгүл және үшінші орынды Әнуарбек Салтанат иеленді. Сонымен қатар осы озат шыққан қыздарымыз Алматы қаласында өткен «I Республикалық қыздар арасындағы Құран жарысы» Қостанай облысы атынан қатысты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызмет

Алланың қалауымен биылғы жылдың 8-мамырынан Шағбан айы басталды. Шағбан айы көптеген қасиеттерді өз аясында қамтыған құлшылық айы. Алла Тағаланың пенделеріне деген ризық-несібесін молайтатын ай. Жақсылық атаулы бүршік жарып, береке біткен артып, ғибадат-құлшылықты жан-тәнімен атқарушылардың қателіктері кешіріліп, күнәларынан арылатын ай.

«Көптеген жақсылықтардың бастауы» деген мағынаға ие «шағбан» сөзімен аталған қасиетті ай, Ережеп айының бітуінен хабар беріп, Рамазанның жақындағанын сүйіншілейді. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ережептен кейінгі кезекте Шағбан айына ерекше көңіл бөлген. «Алла Тағалам, Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете гөр. Бізді Рамазанға аман-есен жеткіз»,-деген дұғасын жиі айтатын. Қасиетті Шағбан айына белгілі бір дайындық жасаудың мәні зор. Өйткені, Әбу Умәмә әл-Бәһилиден (р.а.) жеткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Шағбан айы кіргенде, өздеріңізді тазалаңыздар және ниеттеріңізді дұрыстаңыздар»,-деген. Бұл айдағы сауабы көп құлшылықтың бірі − ауыз бекітіп, нәпіл ораза ұстау.

Айша (р.а.) анамыз айтады: «Расулуллаһтың (с.ғ.с.) бірінің артынан бірін ұстаған оразасына қарап, енді ораза ұстауын тоқтатпайды деп ойлайтынбыз. Ал оразаны бірінің артынан бірін ұстамаған кездері, енді Ол оразаны ұстамайтын шығар деп ойлайтынбыз. Ол шағбан айында ораза ұстағанды ұнататын. Мен: «Ей Алланың Елшісі, Сенің шағбанда көп ораза ұстайтыныңды байқадым. Осының сыры неде?»-деп сұрадым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Я, Айша! Бір жыл ішінде қайтыс болатын адамдарыдың есімдері шағбан айында жеке дәптерлерінен өшіріліп, Азрайылға тапсырылады. Сондықтан оразалы күйімде есімім бір дәптерден өшіріліп, екіншісіне жазылуын қалаймын. Осы себептен шағбан айын жақсы көремін»-деп жауап берді.

Шағбан айында мұсылманның иманы толысып, кемелденеді. Әрі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл айды ерекше ұнатып, осы айды ораза ұстаумен өткізетін. Демек, бізге де осынау мүбарак айда шама-шарқымызға қарай ораза ұстауға талаптанғанымыз абзал екен. Усама ибн Заид (р.ғ.) риуаят етеді: «Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.): «Я, Алланың Елшісі, айлардың ішінде шағбан айында көбірек оразада болғаныңды көремін»-дедім. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Осы айдан пенделердің көбісі ғапыл. Бұл ай – Ережеп пен Рамазанның ортасындағы ай. Шағбанда амалдар Алла Тағаланың хұзырына келтіріледі. Сондықтан амалымның оразамен көтерілгенін қалаймын»-деді.

Алайда Шағбан айының оразасын шамасы жеткендер ғана тұтқаны абзал. Егер Шағбан айында үздіксіз ораза тұтып, Рамазан айындағы парыз оразаға шамасы келмей қалуынан сезіктенген адам болса, ол адамға Шағбан айында ораза тұтудың қажеті жоқ. Өйткені Шағбан айындағы ерікті оразадан Рамазан айындағы парыз ораза маңызды. Сондықтан да Пайғамбарымыз (оған Алланы игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарды Рамазан айына екі- үш күн қалғанда ораза ұстаудан тыйған. Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын): «Шағбан айының бірінші жартысы өткен соң ораза тұтпаңдар»,- деген Пайғамбарымыздың сөзін жеткізеді.

Шағбан айының тағы бір қасиеті, осы айдың орта шеңінде ұлық бір түн бар. Ол – мамыр айының 21-нен 22-не қараған мүбарак Барағат түні. Себебі бұл түні мұсылмандарға рахмет, берекет, жақсылық, кешірім және мағфират жауады.

Али бин Әбу Талибтен (р.ғ.) риуаят етілген бір хадис шәрифте былай делінген: «Алла Тағала шағбанның он бесінші түні дүние аспанына түседі. Мыналардан өзгенің бәрінің күнәлары кешіріледі. Кешірімнен тыс қалғандар: мүшрік, мұнафық, туысымен қарым-қатынасын үзген және зинақор әйел».

Алла Тағаланың «дүние аспанына түсуі» деген сөзі, Оның рахметі мен берекетінің, қайыр мен нығметінің түсуі. Көк есіктерінің ашылуы, дұғалардың дереу қабыл болуы әрі құлдарына рахым мейірімімен қарауы. Өйткені Алла Тағалаға мекен тағайындау дұрыс емес.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүбарак сөздерінде: Жәбрәйілден (ғ.с.): «Бұл түні мына есіктер қашанға дейін ашық тұрады?»-деп сұрағанымда Жәбрәйіл (ғ.с.): «Таң атқанша»,-деді де: «Я, Мұхаммед! Алла Тағала осы түні тозақтан құтқаратын құлдарының саны Бәни Кәлб руының қойларының жүндерінің санындай (Яғни, кейбіреулерден басқа, барлық мұсылмандар кешіріледі)»-деді. Қалб тайпасы – көп қой өсіруімен танылған тайпа болатын. Сол себепті де хадисте осы түні көптеген адамдардың Алланың кешірімі мен рақымына ие болатыны айтылған.

Бұл түні не істеу қажет?

Бәрат түнін дұрыс қарсы алу үшін, бұл түнді ұйқысыз өткізген абзал. Егер кімде кімнің шамасы жетсе, бұл түнді тек құлшылықпен өткізгені жақсы. Алайда кімнің бұған шамасы жетпесе, ол адам осы түннің кез келген бөлігін құлшылыққа арнай алады. Құлшылыққа түннің екінші бөлігін арнап, мына ғибадат түрлерін атқарса болады:

- Намаз. Намаз – осы түнде атқарылатын ең абзал құлшылықтың бірі. Намаз ракағатының белгіленген саны жоқ, алайда ракағат саны сегізден кем болмауы тиіс. Сондай- ақ әр намаздағы рукуғ, қиям, сәджеде ұзағырақ болғаны абзал. Намазда Құраннан ұзақ аяттар оқылғаны жақсы. Егер кімде кім ұзақ сүрелерді есіне түсіре алмайтын болса, бір ракағатта қысқа бір сүрені бірнеше рет қайталауына да болады.

- Тиләуәт. Қасиетті Құранды оқу – осы түні атқарылар пайдалы құлшылықтың түріне жатады. Намаз оқып болған соң, я болмаса басқа уақытта шамаңыз жеткенше Құран оқыңыз.

- Зікір. Бұл түнді зікірге арнаған өте жақсы. Әсіресе Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту. Сондай- ақ зікірді жүріп бара жатқанда, төсекте жатып және де жұмыс уақытында немесе жұмыстан тыс уақытта да оқуға да болады.

- Дұға. Бұл түні бізге көп пайда әкелетін ғибадаттың бірі. Осы түні Алла Тағала дұғамызды қабыл етеді деген үміт бар. Дұға – ғибадат. Алла Тағала жасаған әрбір дұға үшін сұраушының мұқтаждығын өтеп қана қоймай, сауап та жазады. Тіпті сұраған нәрсесі қол жетімсіз болса да, ол адам жасаған дұғасы үшін сауаптан құр қалмайды. Сонымен қатар дұға барлық ғибадаттың өзегі болып табылатын Алла мен адамның байланысын арттырады. Адам баласы қалағанынша, кез келген түрде дұға ете алады, алайда ең жақсы дұға – Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұғалары. Бұл дұғалар шебер сөздерімен пенденің бұл өмірдегі әрі ақыреттегі барлық мұқтаждығын қамтиды. Расында да Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұғасы соншалықты терең мағыналы, тіпті пенденің оған баға беруге шамасы жетпейді.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұғасы жайлы көптеген кітаптар әр тілде жарық көрген. Мұсылман адам Алла Тағалаға сол дұғалар арқылы, араб тілінде я болмаса өз ана тілінде сол дұғалардың мағынасын айта отырып жалбарынуы керек.

- Нәпіл намазды я болмаса Құранды белгілі себептерге байланысты оқи алмаған адамдар болса (ауру, әлсіздік немесе шұғыл тірлігі бар болса). Ол кісілерге осы берекелі түннің сауабынан құр қалмас үшін төмендегі амалдарды орындауды ұсынамыз:

1. Ақшам, құптан және таң намаздарын мешітте, егер сырқат болып, шамасы жетпесе үйінде оқысын.

2. Үнемі зікір айту, әсіресе салауат. Кез келген халде, адам ұйықыға кетпейінше зікірде болуы тиіс.

3. Алладан кешірім тілеу. Мұны төсекте жатып та сұрауға болады.

- Әйел адамдар етеккір кезінде намаз бен Құран оқи алмайтындықтан, олар кез келген зікірді айтып, тасбих тартып, салауат айтуы керек. Сонымен қатар Құран мен хадистерде келген араб тіліндегі дұғаларды дұға ету ниетімен оқи алады.

- Сенімділігі әлсіз хадиске сәйкес, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы түні Бақый қорымында болып, сол жерде жерленген мұсылмандарға дұға еткен деп айтылады. Осыған негіздеп кейбір фақиһтар осы түні қорымға барып, ол жердегілерге «Фатиха» сүресін я болмас Құраннан аяттар оқуды ұнамды іске жатқызған. Алайда бұл амал міндетті емес әрі мұны парыз амалдың дәрежесіне көтерудің қажеті жоқ.

Жоғарыда атап айтылғандай Бараат түні – мұсылмандар үшін ерекеше түн. Сондықтан да осы түнді Аллаға толықтай мойұсынған күйде өткізу қажет. Әрі Алланың алдында ұнамсыз амалдардан тиылу қажет. Дегенмен әрбір мұсылман әр кезде күнәлі істерден аулақ болуы қажет. Осындай түндері күнәлі іс жасау үлкен қылмыс әрі Алла Тағалаға бойұсынудан бас тартқандық болып саналады. Мұндай амал Алланың қаһарына ұшыратады. Сондықтан да барынша күнәлі істерден тиылуымыз қажет, асылында осы түнгі жасалған күнәлар бұл түннің барлық нығыметінен құр қалдырады.

Шағбан айының (13, 14, 15) күндері ораза ұстаудың сауабы зор. Бұл күндер «Аямул байд» яғни ақ күндер деп аталады. Хижри жыл санау бойынша әр айдың ортаңғы күндері ораза ұстау қажет. Себебі бұл күннің түндерінде ай толықсып, түнді нұрға бөлеп тұрады. Бұл күндері ораза ұстаған адамның жүрегін Алла Тағала дүние қараңғылығынан ағартады. Сол үшін де Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шағбан айының ортасының түні болғанда күндізінде ораза болып, түнінде намазға тұрыңдар»,-деді.

Олай болса, қадірменді мұхтарам жамағат Алла Тағала алдымызда келе жатқан Мүбарак Шағбан айын және ұлық Барағат түндерін баршамызға құтты қылып, Осы айды Алла разылығы үшін тағат-ғибадатпен өткізуді шын жүрегімізден ынталандырсын. Еліміз көркейіп, дініміз марқая берсін!

Шағбан айындағы нәпіл ораза ұстайтын күндердің сәресі және ауыз ашар уақыттарының кестесі:

Мезгілі 20.05.2016 21.05.2016 22.05.2016
Сәресінің аяқталуы 03:27 03:25 03:25
Ауыз ашар уақыты 21:55 21:57 21:57

Ескерту: Аталмыш уақыттар Қостанай қаласының координаттары бойынша берілді.

Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкіл имамы

Пятница, 06 Май 2016 17:23

Салауатты өмір салты

Күш атасын танымас

Баршаға мәлім, елімізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің жүлдесі үшін салауатты өмір салтын насихаттау, бұқараның спортқа деген қызығушылығын арттыру, қазақ күресін қолдау мақсатында мешіт жамағаттары арасында өтетін республикалық турнирге іріктеу сайысын облыстық Марал ишан мешіті ұйымдастырды.

Бұл сайыстың жоғары деңгейде өтуіне ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігі тікелей мұрындық болды. Мұнда «Түйе палуан» жүлдесі сарапқа салынды.

Қазақ «Күш атасын танымас» дейді. Палуандардың сайысын облыс орталығының жұртшылығы қолдап, рух беріп отырды.

Соның нәтижесінде Арқалықтан келген дарынды палуан Ерғанат Тайымбайұлы Рыздық пен Омаров Ерлан топ жарып, республикалық сайысқа жолдама алды. Оларға облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы құрмет көрсетіп, Қасиетті Құранды тарту етті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником