Қостанай облысы өкілділігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасы негізінде «Мүгедек жандарға қамқор болайық» деген тақырыпта үстіміздегі жылдың ақпан айында қайрымдылық ісшарасын өткізді.
Мәселен, Қостанай облысына қарасты қалалар мен аудандардың барлық мешіттердің қызметкерлері сол тұрғылықты жердегі мүгедек жандардың хал-жағдайларын біліп, оларға ерекше көңіл бөлді.
Әрбір мешіт ұжымы өздерінің мүмкіндіктеріне қарай аталмыш шара негізінде мүгедек жандарға көмек көрсету, көңіл бөлу бойынша нақтылы тағылымдық жағы мол кездесулер ұйымдастырды.
Қайырымдылық - асыл қасиет. Сондықтан оны түсінген азаматтар бұл ортақ іске үлес қосуға қашан да дайын. Осы күнге дейін өңір бойынша 138 адамға көмек көрсетіліп, олардың ризашылығына бөленді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі