Қостанай облысының Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің «Қыздар және әйелдер секторы» ҚМДБ-ның бастамасы негізінде студент намазхан қыз-келіншектермен тәрбиелік маңызы зор дәріс өткізді.
Бұл іс-шараны мешіт имамы Б.Уәлиев бастап, асыл дініміз Ислам мен ұлттық дәстүрімізде бала тәрбиесіне, әсіресе, қыз бала жайына көп көңіл бөлінгендігін айтты.
Өйткені, қыз бала ертеңгі ана, сондықтан бұл мәселеге айрықша назар аударылуы қажет. Түсінген адамға «Қызға қырық үйден тыю» деген бір ауыз сөзде үлкен мән жатыр.
Осы басқосуда ұстаз Диана Қайырбекқызы дініміз Исламдағы қыз балаға тән әдептіліктер жайында насихат айтып, бұл кездесудің қыздарымызға беретін үлкен тәрбиелік мәніне тоқталды.
Жиын соңынды қыз-келіншектерге қайырымдылық дастарқаны жайылып, оларға лайықты құрмет көрсетілді.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі