Қасиетті Мәуліт мерекесі барша мұсылмандар үшін жақсы амалдар мен сауапқа кенелетін берекелі ай екендігі белгілі.
Осыған орай Федоров ауданы «Жиентай қажы» мешітінің ұйытқы болуымен жоғарда аталған Мәуліт мейрамына байланысты бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мәселен, аудандағы балалар үйінде 25 балаға дастархан жайылып, оларға шын жүректен шыққан шынайы лебіздер айтылды.
Сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды ұлттық спорт ойындарына баулу мақсатында қазақ күресінен балалар және ересектер арасында жарыс өткізілді.
Сонымен қатар палуандарға жоғарда аталған мерекенің мән-маңызы түсіндірілді. Сайыс соңында ерекше көзге түскен азаматтарға мақтау қағазы мен сыйлықтар табыс етілді.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі