Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Барлық сұрақтар

08.10.2018 – Самат Жарменов

Сұрағы:

Әссәләмуалайкум ұстаз, Алла разы болсын. Сізге бір сұрағым бар еді, жауап берсеңіз алғысым шексіз. Мен жақында операциядан шықтым, қаза болған бес уақыт намаздарымды оқып бастайын деп ем, сұрағым: қаза болған үтір намазын оқу міндетті ме? Әлде тек қаза болған бес уақыт намаздарымды оқып шықсам жарай ма? Рахмет.

Жауап:

Уа алейкум әссәләм! Әбу Дәуідтің хадистер жинағында келтірілген бір риуаятта ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім, ұйқтап қалып немесе ұмытып кетіп үтір намазын жіберіп алса, онда оны есіне түскен кезде оқып алсын»[1], - деп бұйырған. Осы хадиске қарай отырып ғалымдарымыз: «құптан намазының қазасын өтейтін кісі үтір намаздың да қазасын өтеуі тиіс» - деген тоқтамға келген[2]. [1] Әбу Дәуід: Китабус сала – бәбу тәфриъи әбуәбил уитри - №1431 хадис. [2] Бадаиғ – 2/227 бет.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником