Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Барлық сұрақтар

08.10.2018 – Жеңіс

Сұрағы:

Әссәләму ағалейкум! Сізге сұрағым, осы мұсылман емес адамдармен «әссәләмуа ғалейкум» деп амандассаң кәпір болады дейді, рас па?

Жауап:

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Кәпірлерге, християндар мен яһудилерге және дінге қарсы келушілерге сәлем беру үлгісін сөз етер болсақ, негізінен, мұсылман адам кәпірлерге «әссәләму ғаләйкум» деп бірінші болып сәлем бермейді. Бұл шариғатымызда тыйым салынған харам іс. Бұған қатысты Алла Елшісі (с.а.с) өзінің хадисінде:

لَا تَبْدَءُوا الْيَهُود وَلَا النَّصَارَى بِالسَّلَامِ

«Хриястияндар мен яһудилерге бірінші болып сәлем жолдамаңдар»,-деген (Муслим). Бұл хадисте нақты «әссәләму ғаләйкум» деп айту меңзелген. Бұлай сәлем жолдауды бірінші бастауға болмайды, себебі амандық тілеп, өзара кеңпейілділік көрсету тек мұсылмандар арасында жүреді. Ал Аллаға қарсы келгендерге амандық тілеу, оларға кеңпейілділік жасау дұрыс болмайды.

Бірақ, бұл кәпірлермен мүлдем қатал болып, қабақ шытып, ауыз бұртитып алып жүру керек деген сөз емес. Бәлкім, олардың арасында жасы үлкенге немесе дінге шақыру мақсатымен «сәлем» үлгісінен өзге үлгіде «қалыңыз қалай?», «сәлеметсіз бе?», «қайырлы таң»,-деп амандасуға болады. Себебі Алла Елшісі (с.а.с) Рим патшасы Һирақлға хат жолдаған кезде хатының басына: «Тура жолға ерушілерге амандық болсын»,-деп, Һирақлге Ислами түрде толық сәлем бермей шектелген. Себебі мұсылман адам кәпір адамға бірінші болып «әссәләму ғаләйкум» деп сәлем бермейді.

Ал егер кәпір адам «әссәләму ғаләйкум» деп, өзі бірінші амандасатын болса, онда мұсылман адам: «уағәләйкум» деп қана шектеледі, яғни «саған да сол болсын» деген сөз. Алла Елшісі (с.а.с) бір хадисінде:

وعن أنس بن مالك رضي الله عنه أن رسول الله - صلى الله عليه وسلم - قال: «إذَا سَلَّم عَلَيْكُمْ أهْلُ الكِتَابِ؛ فَقُولُوا: وَعَلَيْكُمْ»

«Егер де сендерге кітап иелері сәлем берсе, сендер: «Уағаләйкум»,-деңдер»,-деген. (Бұхари, Муслим).

Егер кәпір адамның сәлемінде «әссәләм» сөзі анық айтылмаса да оған «уағәләйкум» деп жауап қатамыз. Бірде Алла Елшісі (с.а.с) қасынан өтіп бара жатқан бір яһуди: «Әсәәму ғаләйкум» деп өте бергенде Алла Елшісі (с.а.с) оған «уағәләйкум» деп жауап берген екен. Яғни, яһуди адам «әсәәму» деп, «л» әрпін айтпай, Алла Елшісіне (с.а.с): «Саған өлім болсын» деген мағынада айтқан. Бұны байқап қалған пайғамбар (с.а.с): «Саған да»,-деп, тиісті жауабын берген. Сол үшін де ғұламалардың көбісі: «Кәпір адам қалай амандасса да көп жағдайда амандық тілемейді, бәлкім астарында бір жаман мақсат, жаман ойы болуы ғажап емес. Сол үшін де «уағәләйкум», деп, яғни «саған да»,-деп жауап бергені дұрыс»,-дейді.

Егер бір жиында мұсылман адамдар мен кәпірлер, мушриктер арласып отырса, ол жиында мұсылмандарды ниет етіп: «әссәләму ғаләйкум» деп, сәлем берсе болады.

وعن أُسامه رضي الله عنه أنَّ النَّبيَّ صَلّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّم مَرَّ عَلَى مَجْلسٍ فِيهِ أخلاطٌ مِنَ المُسلِمِينَ والمُشرِكِين عَبَدةِ الأوثَانِ واليَهُودِ فَسَّلمَ عَلَيْهِمْ النبيُّ صَلّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّم. متفق عليه.

Алла Елшісі (с.а.с) мұсылмандар мен мушриктер арласып отырған бір жиынның қасынан өтіп бара жатып, оларға сәлем берген. (Бұхари, Муслим).

Дегенмен, мұсылман емес адамдармен «әссәләмуа ғалейкум» деп амандасқан мұсылман адам осы ісіне бола кәпір болмайды. Бәлки, Алла Елшсісінің (с.а.с.) хадисіне қайшы амал жасағандығы үшін күнәһар болады.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником