Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Барлық сұрақтар

08.10.2018 – Анар

Сұрағы:

Сәлеметсіз бе! Мен ауыз бекітейін деп ем. Бірақ, бұған дейін ащы су ішкен күндерім болған еді. Ораза ұстауыма бола ма?

Жауап:

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Егер ішімдік ішіп қойған болсаңыз, келесіде қайталамау ниетімен Аллаға шынайы тәубе етіп, ораза ұстау қажет. Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына хадисін былай деп риуаят теткен:

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : " مَنْ صَامَ رَمَضَانَ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ " رواه البخاري

«Кімде-кім, рамазан оразасын иманмен және сауапқа деген үмітпен ұстаса, өткен күнәләрі кешіріледі» (Бухари). Бұл хадистегі: «өткен күнәләрі» деген сөзді ғұламалардың көпшілігі кіші күнәләр деп тұжырымдаған. Дегенмен, келесіде қайталамау ниетімен шынайы тәубе ететін болсаңыз, Алла Тағала кешірмейтін күнә жоқ. Осылайша, ораза ұстаумен мойныңыздағы парызды өтеген боласыз.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником