Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Барлық сұрақтар

08.10.2018 – Гүлдана

Сұрағы:

Сəлеметсізбе! Мен бір сұрақ қояйын деп едім! Оразаға 2-3 күн қалғанда ішімдік ішіп қойса, бірақ шын ниетімен ұстағасы келіп ораза ұстаса, оның сауабы я болмаса парызы өтелген болып саналама? Болмаса оның пайдасы жоқпа?

Жауап:

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Егер ішімдік ішіп қойған болса, келесіде қайталамау ниетімен Аллаға шынайы тәубе етіп, ораза ұстауы қажет. Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына хадисін былай деп риуаят теткен:

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : " مَنْ صَامَ رَمَضَانَ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ " رواه البخاري

«Кімде-кім, рамазан оразасын иманмен және сауапқа деген үмітпен ұстаса, өткен күнәләрі кешіріледі» (Бухари). Бұл хадистегі: «өткен күнәләрі» деген сөзді ғұламалардың көпшілігі кіші күнәләр деп тұжырымдаған. Дегенмен, келесіде қайталамау ниетімен шынайы тәубе ететін болса, Алла Тағала кешірмейтін күнә жоқ. Осылайша, ораза ұстаумен мойнындағы парызын өтеген болып саналады.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником