Сұрағы:
Салеметсіздерме ! Менің 2016 жылдан өтей алмай қалған оразаның қарызы бар еді, енді соны ертеннен бастап өтейін деп едім, алайда, ауызды сағат нешеде бекітуім керек және ауызды нешеде ашуым қажет? Рахмет!Жауап:
Уаалайкум ассалам! Алла Тағала ұстағалы отқан оразаңызды қабыл еткей! Кез-келген оразаны ұстағысы келген кісі, ауыз бекітерде сәресі уақытында ішілетін асты сол күнгі таң намазының уақытына бір не бір жарым сағат бұрын (әркім өзінің ас-су қабылдау ұзақтығының әдетіне қарай) ішіп-жеп, кейін міндетті түрде таң намазына 10 минут қалған уақытта ішіп-жемді тоқтатып, ауыз бекітеді. Ал ауызды, сол күнгі ақшам намазының уақыты кірісімен ашады. Өз өңіріңізге қатысты намаз уақыттарын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты кез-келген діни сайттардан алуға болады. Мысалы: muftyat.kz, muslim.kz, akmechet.kz және т.б.