Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Барлық сұрақтар

08.10.2018 – Айсауле

Сұрағы:

Ораза айында кешірім сұраған жанға қалай жауап беру кажет?Ораза айында кешірім сұраған жанға қалай жауап беру кажет?

Жауап:

Уаалайкум ассалам! Рамазан айында және басқа да айларда белгілі бір жағдайларға байланысты біреу сізден кешірім сұрап келсе, сіз де ол кісіге кешіріммен жауап беруіңіз қажет! Себебі, мұсылман адам басқа бір мұсылман бауырына үш күннен артық ренжуіне болмайды.

خُذِ الْعَفْوَ وَأْمُرْ بِالْعُرْفِ وَأَعْرِضْ عَنِ الْجَاهِلِينَ

(Мұхаммед) кешірім жолын ұстан және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ надандардан бет бұр («Ағраф» сүресі, 199-аят).

رَوَي الحَاكِمُ وَاْلبَيْهَقِيُّ عَنْ أَنَسٍ قَالَ بَيْنَمَا رَسُولُ اللهِ صَلَّي اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ جَالِسٌ رَأَيْنَاهُ ضَحِكَ حَتَّي بَدَتْ ثَنَايَاهُ فَقَالَ لَهُ عُمَرُ: مَا أَضْحَكَكَ يَا رَسُولَ اللهِ بِأبِي أَنْتَ وَأُمِّي؟ قَالَ صَلَّي اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ:» رَجُلاَنِ مِنْ أُمَّتِي جَثَيَا بَيْنَ يَدَيْ رَبِّ اْلعِزَّةِ فَقَالَ أَحَدُهمُاَ: ياَ رَبِّ خُذْ لِي حَقِّي مِنْ أَخِي، فَقَالَ اللهُ تَعاَليَ: كَيْفَ تَصْنَعُ بِأَخِيكَ وَلَمْ يَبْقَي مِنْ حَسَنَاتِهِ شَيْءٌ؟ قَالَ: يَا رَبِّ فَلْيَحْمِلْ مِنْ أَوْزاَرِي» وَفاَضَتْ عَيْنَا رَسُولِ اللهِ صَلَّي اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بَاْلُبُكَاءِ ثُمَّ قَالَ:» إِنَّ ذَلِكَ لَيَوْمٌ عَظِيمٌ يَحْتَاجُ فِيهِ النَّاسُ أَنْ يَحْمِلَ مِنْ أَوْزاَرِهِمْ، فَقَالَ اللهُ للِطَّالِبِ: اِرْفَعْ بَصَرَكَ، فَانْظُرْ فَرَفَعَ، فَقَالَ أَرَي مَدَائِنَ مِنْ ذَهَبٍ، وَقُصُورًا مِنْ ذَهَبٍ، مُكَلَّلَةً باِلُّؤْ لُؤٍ، لِأَيِّ نَبِيٍّ هَذاَ؟ أَوْ لِأَيِّ صِدِّيقٍ هَذَا؟ قَالَ: لِمَنْ أَعْطَي الثَّمَنَ، قاَلَ: يَا رَبِّ وَمَنْ يَمْلِكُ ذَلِكَ؟ قَالَ: أَنْتَ تَمْلِكُهُ، قاَلَ: بِماَذاَ؟ قَالَ: بِعَفْوِكَ عَنْ أَخِيكَ، قَالَ: قَدْ عَفَوْتُ عَنْهُ، قَالَ اللهُ تَعَالَي: فَخُذْ بِيَدِ أَخِيكَ وَأخله الجَنَّة وَ أَدْخِلْهُ الْجَنَّةَ»

Хаким мен Байһакиден жеткен риуаятта Әнәс (р.а.) айтады: «Біз Пайғамбарымызбен отыр едік. Бір кезде Пайғамбарымыз (ﷺ) күлді. Күлгені соншалық тіпті тістері көрінді. Сонда Хазрет Омар ﴾р.а.﴿: Иә, Алланың елшісі! Ата-анам жолыңда құрбан болсын, не нәрсе сені күлдірді?», - дейді. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Қияметте үмметімнен екі адам Алланың алдына тізерлеп келеді. Сонда біреуі: «Иә, Раббым! Бұл бауырымнан маған жасаған зұлымдықтарының ақысын алып бер»-дейді. Алла: «Бауырыңнан не аласың, оның ешбір сауабы қалмады», - дейді. «Иә, Раббым! Олай болса менің күнәларымды арқаласын»-дейді. Осыны айтқанда Пайғамбарымыз (ﷺ) көзіне жас алды. Кейін сөзін жалғастырып: «Ол күн сондай ұлы күн, адамдар күнәларын біреудің арқалағанына мұқтаж болады. Сонда Алла Тағала ақысын талап етушіге: жанарыңды көтер де қара», - дейді. Әлгі адам: «Иә, Раббым! Мен алтыннан болған зәулім үйлерді, алтыннан болған сарайларды олардың жақұт-маржандармен безендірілгенін көріп тұрмын. Бұл қай Пайғамбардікі не қай шыншылдікі не қай шәһидтікі?», - дейді. Алла Тағала: «Бұл ақысын бергендікі», - дейді. Ол: «Иә, Раббым! Ондай ақы иелері кімдер? деп сұрайды. Алла: «Сен оның иесісің». Ол: «Не нәрсеммен ие боламын?», - дейді. Алла Тағала: «Өз бауырыңа деген кешіріміңмен ие боласың»-дейді. Әлгі адам: «Иә, Раббым! расында мен оны кешірдім»-дейді. Алла Тағала: «Онда бауырыңды қолынан жетектеп жәннатқа кіргіз», - дейді», - деген екен.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником