Сұрағы:
Мен ораза ұстағанмын, енді 7 күн қарызым бар еді. Ораза айында ауыз ашу мен ауыз бекітуді кестеден қарап едім енді қалай білемін ауыз ашар уақытымды ?
Жауап:
Уаалайкум әссәләм! Тұрғылықты жеріңіздегі мешіттен бір айлық намаз уақыттарының кестесін алып, сол кестеге қарай отырып, таң намазының уақытына 10 минут қалғанда таңғы сәресіңізді (таңғы ас) аяқтап аузыңызды бекітесіз. Кейін ақшам уақыты кірген соң аузыңызды ашып оразаңызды аяқтайсыз.