Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Фиқһ

"Менің мәзһабым - сенімді хадис"

Мәзһабпен жүрмейтіндер өзгелерді мәзһаб ұстаудан тайдыру үшін дәлел ретінде төрт имамның бірінің сөзі болып табылатын, олардың пікірлері сенімді хадиске қайшы келер болса, ол пікірден бас тарту керек деген сөзін пайдаланады.

Өкінішке орай, ешбір қарапайым мұсылман да, тіпті бүлік шығарушылардың өздері де имамдардың бұл сөзінің астарын әрі бұл сөздердің кімге қаратылып айтылғанын түсінбейді. Сонда кез келген адам Шариғат негіздерінен еш хабары болмастан, кез келген хадис жинағын ашып, кез келген хадиске амал етіп кете беруіне болады деген нәрсе шығады. Әрі ол хадистің күші жойылған ба, жоқ па, жалпы сипатқа ма, әлде жалқы сипатқа ие ме, осы мәселеде басқа да хадистер келген бе деп қарап, ізденбейді де. Олай болса ижтихад жасаушы имамдар мен қарапайым мұсылманның не айырмашылығы бар? Исламның әт- Тахауи, Ибн Сурейж, әл- Қудури, әс- Сархаси, әл- Жуәйни, әл- Ғазали, ән- Науауи және басқа да ғалымдар өздерін осы төрт мәзһабтың бірін ұстанушылардан санаған. Алайда оларда ұшан- теңіз ілім бар еді. Ал олардың еңбектерін бүкіл Ислам әлемі әлі күнге дейін оқып келеді. Оларда хадис жинақтары болмады дейсіздер ме? Әлде олардың ілімі біздің заманауи ғалымдарымыздан таяздау болғаны ма?

Бұған жауап ретінде имам Науауидің сөзін келтіруге болады: «Бұл сөздің мағынасы- әр хадисті тура мағынасында түсіну Шафиғи мәзһабында бар дегенді білдірмейді. Олай болатын болса, уақытша некеге Шафиғи мәзһабы рұқсат береді дейді, себебі бұл жайлы хадис Бұхарида келген. Уақытша неке жайлы хадис расымен де сенімді, алайда күшін жойған (мансух). Бұл мәселе, яғни сөздер «мәзһаб мужтахиды» (мәзһаб мужтахиды – қайнар көзге қарап, усулға негіздей отырып, яғни өзі ұстанатын мәзһабтың имамының шешім шығару тәсіліне сүйене отырып өз бетінше шешім шығара алатын ғалым) дәрежесіне жеткен адамға арналған. Бұл жердегі шарт- әлгі ғалым имам Шафиғи бұл хадисті білмеген я болмаса сенімділігі жайлы хабары болмаған деп есептеуі қажет. Ал оны нақтылау үшін шафиғилік кітаптардың барлығын дәлелімен меңгергеннен соң ғана білуге болады. Бұл өте қиын және оны анықтайтын дәрежеге ешкім жете қойған жоқ. Егер имам Шафиғи кейбір сенімді хадистерді қалдырған болса және оған амал етпеген болса, оған себеп болған нәрсенің бары белгілі. Мысалы, бір хадистің күші жойылған, я болмаса тур мағынасын алуға болмауы мүмкін. Ибн Саләх былай деген: «Шафиғи әрбір сенімді хадиске тікелей амал етпеу керектігін айтқан. Және де кез келген фақиһ өздігінше шешім шығара алатын дәрежеге жетпеген». («Әл-Маджмуу ли Имами ан-Нәуәуи», 1/104–105 қараңыз).

Осы сөздерден біздің түсінетініміз, Имам Науауи хадисті өз бетінше түсініп, амал етуі үшін ол адамға екі түрлі шарт қояды:

1. Ол мәзһаб мужтахиды болуы керек. Егер адам ижтихад жасай алатын дәрежеге жетпеген болса, шешім шығаруда хадистерге өз бетінше сүйенетін болады. Яғни оның шығарған кез келген шешімі қате деген сөз. Бұл күнә, себебі ол шамасы келмейтін істі атқарып отыр. Ал «мужтахид дұрыс айтса – екі, қателессе – бір сауап алады» деген хадистің оған қатысы жоқ.

2. Ол мәзһабтың имамы бұл хадисті білмегендігіне я болмаса оның сенімділігін білмегендігіне сенімді болуы тиіс. Ал оны тек сол мәзһабтың еңбектерін толықтай қарап шыққаннан соң ғана, әсіресе мәзһабтың дәлелдерін қарап шыққаннан соң ғана барып біле алады. Ал біздің күнімізде өзге мәзһаб тұрмақ, өзіміздің бастама еңбектерді меңгере алмай жатырмыз! Ондай болса, өзге мәзһаб еңбектері жайлы сөз қозғаудың қажеті шамалы.

Сонымен, мәзһабтарды жоққа шығару – сәләф- солихтардың жолын терістеу және де дінге надани жаңалық енгізу екендігін білдік. Сириялық заманауи ғалым Мұхаммад Саийд Рамазан әл- Бути былай деген: «Мәзһабсыздық – Шариғатқа қауіп төндіретін надандық». Алла Тағала бізді және жақындарымызды бүліктен сақтасын.

Абу Али аль-Ашари

___________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

Дарульфикр.ру

алдыңғы мақала
Әбу Ханифаның ұстаздары
кейінгі мақала
Ұстаздан ілім алу мен иснадтың маңыздылығы

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником