2019 ЖЫЛ-ЖАСТАР ЖЫЛЫ
Қостанай облыстық мешітінде Жастар ісі секторы ү.ж. 5 қазандағы Елбасының Жолдауы бойынша және жастармен 2019 жылға арналған жұмысы жоспарын құру мақсатында жастарымен кездесу өткізді.
Жиында Қостанай облысының өкілі бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы жастарға Елбасының жолдауының маңыздылығы турасында айтып, онда алдағы 2019 жылдың жастарға тікелей қатысты екенін атап өтті.
Отырыста Қостанай облысы бойынша «Жастар ісі секторы» өкілі Әлішер Ертайұлы жастарға 2018 жылы жасалған жұмыстардың қортындысын айтып өтті.
Сонымен қатар алдағы 2019 жылға арналған жұмыс жоспары туралы жастардың ұсыныстары тыңдалып, жоспар құрылды. Жиын соңында бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы жастардың көкейдегі сұрақтарына жауап беріп, уағыз-насихатын айтып өтті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі