Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қостанай ауданындағы Жамбыл елді-мекенінде ауданға қарасты мешіттер арасында спорттың волейбол, садақ ату, асық ату және арқан тарту бойынша жарыстар ұйымдастырылды.
Оған «Маңдай батыр» мешіті, Қостомар, Алтын дала, Жамбыл ауылдары намазханаларының жамағаттары және Жамбыл орта мектебі оқушыларының командасы қатысты.
Жарыс өтте тартысты өтті. Жүлделі бірінші орынды Алтын дала ауылының, екінші орынды «Маңдай батыр» мешітінің, үшінші орынды Жамбыл ауылының жамағаттары иеленді.
Аталмыш командаларға кубоктар мен медальдар, грамоталар тапсырылды. Сайыс соңында жергілікті мешіт асханасында қонақтарға дастархан жайылып, уағыз-насихат айтылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі