Н.Дәулетова атындағы Сарыкөл аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқу залында 31 мамыр - Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай іс-шара өтті
Шараға ауданның бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек, белгілі ақсақал Уәлихан Айғұлақов және саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, мұғалімдер мен жас ұрпақ қатысты.
Қонақтар сөз сөйлеп, ата-бабаларымыздың нәубат жылдардағы қиыншылықтарын еске ала отырып, Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз екенін атап өтті. Сондай-ақ, олар елімізде бейбітшілік пен бірлік болуын, жас ұрпақтың жақсы азамат болып, халыққа адал еңбек етуін насихат етіп, айтты.
Шараның басты мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.
Иә, өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Сондықтан 1927-1953жж. ақтаңдақтар ақиқатын түсіндіруге ұмтылу керекпіз. Осы орайда Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі