Лисаков қаласының мешіт жамағаты күнделікті бес уақыт намазға ғана келіп қоймай, мешіт тіршілігіне аса мән беруде. Қыс маусымында мешіт айналасын қардан тазартып сауап алады. Күннің суығынада аяға да қарамай мешіт айналасын таза ұстауға тырысады.
Жаз айларында мешіт айналасына егілген газон шөбін қырқып, көшет гүлдерді де өз еріктерімен, ешкімге айтқызбай суарып та қояды.
Ойлаған ойы, алдыға қойған мақсаттары тек Алланың разылығына жету. Қасиетті құран кәрімде тәуба сүресінің 18 аятында:
إِنَّمَا يَعْمُرُ مَسَاجِدَ اللّهِ مَنْ آمَنَ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَأَقَامَ الصَّلاَةَ وَآتَى الزَّكَاةَ وَلَمْ يَخْشَ إِلاَّ اللّهَ فَعَسَى أُوْلَئِكَ أَن يَكُونُواْ مِنَ الْمُهْتَدِينَ
«Алланың мешіттерін тек Аллаға және ақыретке иман келтірген, намазды кемеліне жеткізіп үзбей әрі уақытылы оқитын, зекетті толық беретін, сондай-ақ Алладан өзгеге ешкімнен именбейтін шынайы мүміндер ғана лайықты деңгейде көркейте алады. Міне солар тура жолдан таймай, мақсат-мұраттарына жетуге үміт ете алады» делінген.
Алла тағала осындай мешіт жанашыры болған жамағатты арттырсын!