Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері мен шәкірттерінің ұйымдастыруымен «Мейірбандылық - жүректен, қайырымдылық – білектен»» атты қайырымдылық шарасы жасалды.
Мұндағы мақсат – көпбалалы отбасыларға және көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық танытыту.
Ол үшін Қостанай қалалық мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдағалиев бастаған топ «Складская» атты сауда орталығындағы сауда жасайтын жеке кәсіпкерлермен кездесіп, шараның мақсатын түсіндірді.
Осылайша барлық жәрдемдескен кәсіпкерлерден құны 170 мың теңге тұратын азық-түлік, тұрмыстық тауарлары жиналып, 8 көпбалалы отбасыға және 2 көмекке мұқтаж жандарға тең көлемде бөлініп, таратылды.
Осындай сауабы мол, маңызы жоғары шараға атсалысқан кәсіпкерлерге Алла Тағала екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін! «Садақа бәленің алдын алады»-деген Пайғамбарымыз (ғ.с.). Алла бәле-жаладан аман етсін!