Құттықтаймыз!
Жақында біз қуанышты хабар алдық. Республикаға танымал журналист, алқа мүшесі, мешіт жанашыры Заңғар Санай «Қазақтан – Қостанай» телеарнасының директоры болып тағайындалды.
Ол «Құрмет» ордені және республикалық деңгейдегі көптеген мәртебелі марапаттардың иегері. «Қазақ тілі» қоғамының өңірдегі филиалының төрағасы әрі қоғам қайраткері. Мешіттегі діни мерекелердің жоғары деңгейде өтуіне үлесін қосып келе жатқан азамат.
Облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев бастаған өңірдегі барша дін қызметкерлері оны шын жүректен құттықтайды. Оған мықты денсаулық, отбасында береке-бірлік, жауапты қызметінде табыс тілейді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі








