Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
13 02.26

Өңірден шыққан тұңғыш Қари

Мұртаза қари Ертайұлының Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітіне ұстаздық қызметке кіріскеніне жылға толған жоқ. Есімі елімізге кеңінен танымал азамат өңірге келгелі бері елордамыз Астанадағы Бас мешітте тәлімгерлік етті.

Ол ҚМДБ жанындағы Республикалық құран жарысынан әділқазылар мүшесі. Жаңа қызметке бекітілгеннен бергі қысқа мерзімде яғни тоғыз айда облыс тарихында тұңғыш рет қари дайындап шығарды. Статистикаға сүйенсек, негізінде оған үш жыл қажет көрінеді.

Оның шәкірті өте зерек қазақ баласы, он бес жасар Ералы Алматұлы Ибраев өзінің ерекше зерделілігінің арқасында Құран-Кәрімнің 30-парасын толық жаттап шықты. Жасөспірім спортқа да өте бейім, еркін күрестен облыс жеңімпазы, Азияның Джиу-джитсуден қола жүлдегері.

Жуырда облыстың Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы жоғарыда аталған мешітте оның медресені аяқтағанын куәландыратын сертификатты салтанатты түрде табыс етті. Сондай-ақ жамағат атынан «Умраға» жолдама берді. Оған алдағы уақытта сәттілік тіледі.

Шәкірттер арасынан жас қари атанған Ералы Алматұлы алдағы уақытта республикалық деңгейдегі Құранды жатқа оқудан өткізілетін жарыстарға қатысып, өңір намысын қорғайтын болады.

Алдағы уақытта қасиетті Рамазан айларында, тарауық намаздарына шығып, Құран хатым өткізеді.

Осы арада оқырмандар назарына Қостанай ауданындағы Алтынсарин ауылында демеушілердің қолдауымен медресе тұрғызылып жатқанын салғымыз келеді. Келешекте бұл оқу орнында Ералы секілді талай дарынды балалар қари болып шығатынына шүбә келтірмейміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі







алдыңғы жаңалық
Заңғар Санай – телеарна директоры

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником