Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешітінде Ережеп айының кезекті ауызашары болып өтті.
Аталмыш аста ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша "Уақып" қорына жауапты Абдрахман Аңсаған Исра миғраж туралы уағыз айтты. Астан соң ақсақалдар бата беріп, Мұртаза қари Құран сүрелерінен оқып аруақтарға бағыштады.
Сонымен қатар Құфтан намазы алдында Аңсаған имам «Уақып сарқылмас сауап» тақырыбында туралы насихат айтып семинар өткізді. Жиналған жамағат Уақытпқа қатысты сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі











