Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
16 01.26

Мешіт жаңалықтары

Колледж студенттеріне дәріс оқыды

Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің наиб имамы Әсет Жарылғасын жергілікті медициналық колледжінде студенттермен кездесті.

Онда ол ”Терроризм және экстремизм һәм жат ағымнан сақтану” тақырыбында дәріс оқыды. Жастар оны мұқият тыңдады. Көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.

Намазхандарға құрмет көрсетілді

Облыс орталығындағы “Жайлаубай ата” мешітінде қасиетті Ережеп айының Миғраж түніне орай және ораза ұстаған намазхандарға құрмет көрсетіліп, дастарқан жайылды. Басқосуда наиб имам Қазбек Кошеров уағыз-насихат айтты.

Сондай-ақ, наиб имам Бақберсін Ізбасаров жамағатқа “Исра және Миғраж уақиғасы” жайлы мағыналы дәріс оқыды. Жиналған қауым одан үлкен әсер алды.

Бес отбасы қамқорлыққа алынды

Жоғарыда аталған “Жайлаубай ата” мешітінің қызметкерлері мүмкіндігінше көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп келеді.

Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде жуырда 5 отбасыға ықылас көрсетіліп, азық -түлік табыс етілді. Бұл ретте демеушілердің тарапынан жасалып жатқан қамқорлық та аз емес.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі





алдыңғы жаңалық
БАС МҮФТИДІҢ 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛЫҚ БАЯНДАМАСЫ БАСТАЛДЫ
келесі жаңалық
Тобыл: Бейсенбілік ауызашар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником