Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
19 01.26

Мешіт жаңалықтары

Қыстан қысылмайтын болады

Федоров селосындағы аудандық “Жаркөл” мешітінің ұжымы Успенов ауылындағы көмекке мұқтаж екі отбасына 6 тонна көмір түсіріп берді. Оған демеушілер қолдау көрсетті.

Қамқорлыққа бөленген шаңырақ иелері өздеріне дер кезінде қайырымдылық танытқан азаматтарға шынайы алғыстарын білдірді.

Өзекті мәселелер қозғалды

Жоғарыда аталған «Жаркөл”мешітінің Бас имамы Руслан Маратұлы жергілікті ауылшаруашылығы колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Ол жастарға елдің жарқын болашағы үшін мол пайдасын тигізетін саналы азаматтар және мемлекеттің нағыз патриоттары атанулары жөнінде насихат айтты.

Жиын қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Сондай-ақ, қазіргі таңда қоғамға зиянын тигізетін жағымсыз әдеттерден сақтану, есірткі мен ішімдікке құмарлықтан аулақ болулары жайында келелі әңгіме қозғады.

Студенттер өздерінің көкейде жүрген сауалдарына нақты жауап алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі




алдыңғы жаңалық
Тобыл: Бейсенбілік ауызашар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником