Қасиетті жұма күні Әулиекөл ауданына қарасты Құсмұрын кентінің тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Мұнда мұсылмандар қауымы көптен күткен «Хақ» мешіті қайта салынып, салтанатты түрде ашылды.
Аталмыш мешіттің ашылуы кезінде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет және облыстық Дін істері басқармасының басшысы Жанболат Үмбетов барша жұртшылықты кент өміріндегі елеулі оқиғамен шын жүректен құттықтап, жиналғандарға мықты денсаулық, отбасына ырыс-береке тіледі.
Сондай-ақ, Бахытбек қажы Нұрғабылұлы мешітке ескерткіш ретінде қасиетті Қағбадан жеткен тәбәрік «Кисуа» сыйға тарту етті.
Енді Құсмұрын елді-мекеніндегі пайдалануға берілген имандылық ордасы жергілікті халықтың жиі бас қосатын әрі жерлестерімізді адамгершілікке, ізгілікке үндейтін киелі орыны екені шүбәсіз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі