Бүгін Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кентінде Ұлы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне арналған Мәуліт мерекесі жергілікті Мәдениет үйінде аталып өтті.
Жиналған қауымның алдында облыстық мешіттің найб имамы Әлішер Ертайұлы, Нұр Мүбарак ислам мәдениеті университеті шәкірті Әлинұр Нұрболұлы, Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Манарбекұлы мәуліт оқыды.
Ал, облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Тілекқабыл Аманкелді аталған мейрамның мәні мен маңызы жөнінде уағыз айтты.
Осы шара кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасы бойынша «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 468 баспана кілті табысталды.
Сонымен, Құсмұрындық ағайындар тәрбиелік жағынан берері мол қос қуаныштың куәсі болып, рухани жағынан жан дүниелерін байытты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі