Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында өңіріміздің аудандары мен қалаларында халықпен кездесулер өткізуде.
Бұл жолы белгілі дін қайраткері Рудный қаласының маңындағы Горняк елді-мекеніне атбасын бұрып, жергілікті жұртпен жүздесті. Әңгімеге негізінен еліміз егемендік алған кезең ішіндегі қол жеткен жетістіктер, облыстағы діни ахуал және алда тұрған өзекті мәселелер арқау болды.
Әрине, әлемді жайлаған пандемия жайлы да айтылды. Онда әсіресе, мешіттердегі сақтық шаралары, яғни бетперде тағу, арақашықтықты сақтау жөнінде де тілге тиек етілді. Қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді. Бір сөзбен айтқанда, Бас имамның ауылдағы халықпен кездесуі өте әсерлі өтті.
Қостанай облыстық мешітінің
баспасөз қызметі