Әлемді жайлаған пандемия қай салаға болмасын өзінің қиындығын тигізбей қойған жоқ. Алайда соған қарамастан, өңірдегі мешіттерде жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша оқушылардың жазғы діни сауат ашу курстарының жұмысы бір сәтке де тоқтатаған жоқ.
Бұл орайда, облыстық Марал ишан мешітіндегі жүзеге асырылған жарқын істер өзге имандылық ордаларына өнеге болды. Осындағы игі жұмыстарды басшылыққа алған Науырзым ауданыңда да оқушылардың жазғы демалысын барынша тиімді ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.
Мысалы, осы кезге дейін жалпы 87 бала дәріс алып, білімдерін шыңдады. Таратып айтатын болсақ, Шилі ауылында 17, Дәмді ауылында 35, аудан орталығы Қарамеңдіде 20 бала зейінділік танытты. Мешіттердегі ұстаздар оларға алғашқы күндерден бастап тиянақты да, терең ілім беруге тырысты.
Дәріс барысында шәкірттерге Құран әліппесі, Сира (Пайғамбар өмірбаяны), Сенім мәселесі, Исламдағы 100 сұраққа байланысты маңызды жайлар оқытылды. Осылайша, талапкерлер көпшілікке мәлім ислам әдебін жан-жақты меңгерді.Сондай – ақ тағлымы мол салауаттар мен дұғаларды жаттап, таным көкжиектерін кеңейтті.
Оқушылар бос уақыттарында рухани жан дүниелерін байыту мақсатында болашақта ұмытылмас өнегелерді, эстетикалық мәні зор құңдылықтарды бойларына сіңірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі