Рудный қалалық «Нұр» мешітінде мерейлі Мәуліт мейрамына байланысты тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды. Онда Пайғамбарымыздың өмірі баяндалып, салауаттар оқылды.
Бұл мерекеге ерлер жамағатымен қатар қыз-келіншектер секторының ұстазы Аяулым Смағұлова бастаған әйелдер қауымы да белсене атсалысты. Олар «Соқыр яһуди» атты ғибратты көріністі дайындап, мешіт шәкірттері тәлімді қойылымды жұртшылықтың назарына ұсынды.
Сонымен қатар Алла елшісі жайлы мазмұнды уағыздар айтылып, діни әндер орындалды. Сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, тапқырлық танытқан қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік шарадан балалар үйі мен басқа дін өкілдері үлкен әсер алды.
Жиналғандар Мәуліт мейрамының құрметіне жайылған дастарқаннан дәм татты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі