Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай Рудный қалалық «Нұр» мешітінің қызметкерлері жергілікті майдангер қарттарды құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.
Әрине, арамызда жүрген ардақты ағаларымыздың алдында біз мәңгілік қарыздармыз. Олар от пен оқтың астында жүріп, қайтпас қайсарлық танытты. Соғыс ардагерлерінің патриоттық рухы жастарға өнеге.
Көргені мен түйгені мол, ғасыр жасаған Ілияс ақсақал кешегі қиын-қыстау жылдарды еске алып, тебірене сыр шертті. Мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы оған шын жүректен ізгі тілегін білдірді.
Имандылық ордасы қызметкерлерінің көрсеткен ілтипатына ардагерлер дән риза болып,алғыстарын жаудырды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі