Жеңіс күні қарсаңында Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы кешегі қанды майданда ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсеткен ардагерлерге құрмет көрсетуді ұйғарды.
Қазір қарап отырсақ, облыс орталығында Ұлы Отан соғысына қатысқан 23 майдангерлер ғұмыр кешуде. Оларды қалай ардақтасақ та жарасады. Өйткені, жастық шақтарын бүгінгі жарқын күндерге арнады.
Имандылық ордасының дайындаған сый-сияпатын «Барыс» еріктілер тобының мүшелері аға буын өкілдеріне табыс етті. Ал, мешіттің Бас имамы Шоқан қажы Әмірханов Отан үшін от кешкен абыз ағамыз, белгілі қаламгер Қасымхан Алдабергеновтың шаңырағында болып, оған ілтипат танытты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі