Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
11 12.19

Қостанай: Жылдық жұмыс қорытындыланды

Қостанай облысының барлық мешіттері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы болып табылады (бұдан әрі - ҚМДБ). Міне, осы аталған мешіттердің 2019 жылғы атқарылған жұмыстары қорытыланды.

Енді осы жүзеге асырылған істерге тоқталып өтелік.

Мәселен, өтіп бара жатқан жылы қызметіміздің бір бағыты болып табылатын Шариғат және пәтуа бойынша жұртшылық 423 сұрақ түсті. Оларға жазбаша, ауызша және телефон арқылы толыққанды жауап берілді.

Ал «Уағыз-насихат» мәселесінде 13 040 шара ұйымдастырылып, 253 333 адам қамтылды.

Жастар жылы аясында арнайы жоспар бойынша 187 іс-шара өткізіліп, оған 7 561 адам қамтылды. Әйел-қыздар секторын аясында қайырымдылық мақсатында 156 шара ұйымдастырылды, оған 1 728 адам қатысты.

Діни қызметтегі имамдарымыз түзету мекемелерімен де жұмыс істейді. Осы орайда 516 кездесу өткізіліп, 2 257 адам ақпаратпен қамтылды.

Атқарылған нақты жұмыстардың нәтижесінде теріс ағым жетегінде жүрген 18 адам дәстүрлі Ислам дініне бет бұрды.

ҚМДБ-ға қарасты діни оқу орындарында Қостанай облысынан оқып жатқан шәкірттер саны 49. Үстіміздегі жылы облысымыздан діни оқу орындарына 14 талапкер қабылданды.

Өкілдік тарапынан тікелей қолдау көрсету арқасында Нұр-Мүбарак университетінде 2 шәкірттің оқу ақысы төленуде.

ҚМДБ тарапынан болған тапсырмаға сәйкес облыстық мешіттен 20 шәкіртке және қалалық мешіттен 15 шәкіртке арналған 2 қайырымдылық мекемесі жұмыс істеуде.

Облысымызда қайырымдылық мақсатында атқарылған жұмыстар аз емес. Жалпы 471 шара өткізіліп, онда 11 683 адамға 28 960 691 теңгенің азық-түліктей және қаржылай көмегі жасалды.

Өткен Құрбан айтта 1 920 адамға 12 720 келі ет үлестірілді. Ал Рамазан айында 54 110-ға жуық адамға ауызашар берілді.

Сонымен қатар «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 1000 балаға оқуға қажетті құрал жабдығы, киімі үлестірілді.

Жалпы алғанда, облыс бойынша 68 713 адамға 116 214 691 теңгенің қайырымдылық көмегі жасалды.

«Ел үлесі пәтерге» акциясы аясында баспанаға мұқтаж 5 отбасына демеушілердің қолдауымен үй берілді.

Халал өнімдерін стандарттау бойынша өңірімізде «Халал» сертификатын 6 кәсіпорын алды, 9 қасапшыға рұқсат куәлігі тапсырылды.

Облыс көлемінде 30 мешіт, 26 намазхана халыққа қызмет көрсетуде.

Республикамызда және облыс көлемінде болып жатқан жаңалық, хабарлама, іс-шаралар туралы akmechet.kz сайтында жариялап отырамыз.

Жалпы, сайтымызды күніне орта есеппен 458, ал жылына 222 487 адам қарайды.

Әлеуметтік желілерде Instagram парақшамыз және Youtube каналымыз бар. Онда діни тақырыптардағы уағыздарымыз, жаңалықтарымыз жарияланып тұрады.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
алдыңғы жаңалық
Алдағы мақсат айқындалды
келесі жаңалық
Түйемойнақ: Жат ағымдардан сақ болу

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником