Қазіргі таңда еліміздің барлық мекендерінде ораналасқан үлкенді-кішілі ас дайындайтын орындар аз емес. Мұсылман қауымы халал тамақ әзірлейтін жерлерге құштарлық танытуда.
Осы орайда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде ұйымдастырылған әрі әйел-қыздарға арналған уағыз – насихат шараларының тәлімдік-тәрбиелік маңызы ерекше.
Таяуда ғана мешіттің наиб имамы Нұрлан Сейдагалиев бір топ әйелдер жамағатына «Дұғаның қабыл болуы – адал астан» деген тақырыпта берері мол басқосу өткізді.
Онда көтерілген тақырыпқа орай «Е» қоспалары кездесетін азық-түлік, тіпті тәтті тағамдардың құрамында бар қоспалар жайлы мәліметтер берілді. Әйелдер көп жайды көңілдеріне түйді.
Бір қуантарлығы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал» өнімдерінен жасалған тағамдарды бақылау мен тексерістері нәтижесінде қоспасыз әрі күмәнсіз тағам тізімдері күн сайын артып келеді.