Науырзым ауданы «Түркебай» мешітінің және аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерей тойына орай «Талап еңбек терен ой, Қанағат, рақым ойлап қой!»-деп аталатын ұлы ақынның қара сөздері мен өлең шумақтарын мәнерлеп оқудан мектеп оқушыларының арасында білім сайысы болып өтті.
Алдымен аудандық мешіттің бас имамы Есет Ғабдімәліков сөз алып, Абайдың өмірі мен ҚМДБ-ның 30 жылдығына тоқталды. Жиналған жастарды терең білім алуға, еңбекқорлыққа, адалдыққа және діни сауатты болуға шақырды.
Сайыс қорытындысында қара сөз оқудан Алтынгүл
Жомарт, Дильназ Серикова, Әйгерім Мұхтаровалар жүлдегер атанса, Наргиз Каипова ынталандыру сыйлығына ие болды.
Сонымен қатар өлең шумақтарын оқудан Аяжан Төлеубек, Диана Салыкова, Медина Достяровалар ерекше көзге түсті. Ал Мадина Байсейітова болашағынан үлкен үміт күттіретіндігін байқатты.