Сонымен, көптен күткен қасиетті Рамазан айы да келді! Қостанайлықтар биыл да Ораза ұстауға тиянақты дайындалғандығын байқатты. Өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлы оның алдында оған әзірлік барысын әбден пысықтаған болатын.
Ал облыс басшысы Архимед Мұхамбетов өзінің Ислам дініне ерекше құрметпен қарайтын азамат екендігін жылда дәлелдеп келеді.
Ол басшылық тізгінін алған кезде пайдалануға берілген облыстық мешіт бұл күндері нағыз имандылық ордасына айналған. Рамазан айының алғашқы күні Архимед Бегежанұлы «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген қағиданы берік ұстанған жан екендігін танытты.
Мешіттің жанында 580 адамға жайылған дастарханда ауызашар беріп, көпшіліктің алғысына бөленді. Өмір көрген қарттарымыз ақ батасын беріп, оған ұзақ ғұмыр, аса жауапты қызметінде табыс тіледі.
Өңірдегі басқа да мешіттерде өткен кезеңдердегідей ауызашар беру дәстүрге айналды.
Біз сөз соңында барлық Ораза ұстаған бауырларымызға тек ізгілік, отбасында ырыс-береке тілейміз!