Кең болсаң, кем болмайсың
Баршаға мәлім, жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында өңірде «Мектепке жол» акциясы басталады. Бұл шараның мақсаты – көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға көмектесу.
Бұл істе жүрегі жомарт жандар шама -шарқы келгенше өздерінің үлесін қосса нұр үстіне нұр болатыны сөзсіз.
Сондықтан Қостанай облыстық "Марал ишан" және облыстағы қалалар мен аудандардағы барлық мешіттердің ұжымы үстіміздегі жылдың 15 тамызына дейін азаматтарды осы қайырымдылық шарасына қатысуға шақырады.
Балалар - біздің болашағымыз. Олардың келешегіне тек ата-аналары ғана емес , баршамыз да жауаптымыз. Ендеше «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қағиданы берік ұстанайық.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі