Қостанайдағы намазхан әйелдер мен қыздар қайырымдылық мақсатында өздерінің қолдарымен дайындалған тәтті торттар мен тағамдарын әзірлеп, оларды жәрмеңкеге шығарды.
Сонымен қатар осы шараға жеке кәсіпкерлер де өздерінің үлестерін қосты. Оның ішінде қаламыздағы халал тағамдарын дайындайтын дәмханалар да бар.
Бұл жәрмеңкеде жұртшылыққа ұсынылған тағамдар нарықтағы бағадан 50 пайыз төмен бағамен сатылды.
Сондай-ақ жәрмеңке барысында Марат есімді мұсылман бауырымыз балаларға балмұздақты тегін таратып, жиналғандардың көңілінен шықты.
Жалпы, аталған іс-шараның көздеген мақсаты - «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, облыс орталығындағы салынып жатқан жаңа мешітімізге және қамқорлыққа мұқтаж жандарға қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да үлестерін қосу еді.
Біз игі бастамаға ұйытқы болған намазхан әйелдер мен қыздарымызға Алланың нұры жауа берсін дейміз.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі