Көктеммен күлімдей келген Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Дінім – діңгегім, дәстүрім – тірегім!» деген тақырыппен Қостанай облысының барлық қалалары мен аудандарында тағылымдық шаралар ұйымдастырылды.
Мәселен, облыстық мешіт ауласында асық ату, арқан тарту, кір тастарын көтеру мен қол күресі секілді спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Онда жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарға естелік ретінде мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлық табыс етілді.
Сонымен қатар қыздар-әйелдер секторының бастамасымен мешіт жамағаты болып табылатын ақ жаулықты аналар ұлттық тұсау кесер рәсімін және қайырымдылық жәрмеңкесін де өткізді.
Бұл күнде жиналған қауым арнайы дайындалған наурыз көже мен пісірілген бауырсақтан дәм татып, мәре –сәре болды.
Осы ұйымдастырылған игі – шаралар халқымыздың ынтымақ – бірлігін арттырып, мұсылмандар арасында бауырмашылдық секілді асыл қасиеттерімізді нығайта түсуге игі – ықпалын тигізетіндігі даусыз.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі