Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы «Дінге артылса сенімің, имандылық болар серігің» атты тақырыпта қаладағы медициналық колледждің 1-2 курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуде имандылық, ар-ұят, тәртіп пен тазалық жайында мазмұнды насихат айтылды. Әңгіме барысында имам Бектұрсын Торғайбайұлы Ислам діні мен медицинаның қаншалықты тығыз байланысты екендігін, адамның жеке басының гигиенасы жайында да қызықты мәліметтер келтірді.
Теолог маман Әсет Бауыржанұлы студенттерге «Алданған жастар» атты бейне ролик көрсетіп, теріс ағымдар жайлы тұшымды түсінік берді.
Осындай басқосу қаладағы педагогикалық институттың жатақханасында өткізіліп, асыл дініміздің құндылықтары мен халқымыздың тәрбиелік маңызы бар әдеп-ғұрпы жайлы да сөз қозғалды. Тыңдарман жастар көкейде жүрген сауалдарын қойып, өздерінің ой-пікірлерін айтты.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі