Лисаков қаласындағы мешітіміздің жанашыры демеушісі «ЖеңісБек» ЖШС нан зауыты ерекше қайырымдылық сауап істі қолға алып отыр. Олар әр дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері халыққа елу данадан тегін нан таратуды қолға алған.
Ұжым басшысы Сандыбаева Гүлім айтуынша бұл шара «Нан» және «Леал» дүкендерінде таңертеңнен басталады. Алғашқыда көпшілігі таң қалыспен қарап жүрді. Ал қазір адамдар ертемен келіп алатын болған. Сонымен бірге бұл ұжым өз қызметкерлерлеріне нанды елу пайыз жеңілдікпен береді.
Жалпы Гүлім Сәндібекқызы қаладағы барлық іс – шараларға белсене ат салысып қатысып отырады. Мұндай сауапты істі халық тарапы жылы қабылдап, рахмет айтуда. Жақсылықта жарысатын осындай азаматтарымыз көп болсын деп тілейміз.
Лисаков «Әс-Сәләм» мешітінің бас имамы
Рахым Серік Темірбекұлы