Жуырда Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы «Оспан қожа әулие» мешітінің ұйымдастыруымен «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты жиын болып өтті.
Бұл шараға Қостанайдың оңтүстік өңірі бойынша өкілі Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы қатысып, «Ысырапшылық – Исламға жат нәрсе» деген тақырыпта уағыз айтты. Сондай-ақ ү.ж. 23 наурызында облыстық мешітте өткен келелі конференцияның маңызына тоқталды.
Жангелдин ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағамбетов аталған жиынды жүргізіп, пікір білдірушілерге сөз кезегін беріп отырды.
Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Торбаев күн тәртібіндегі қозғалған мәселені маңыздылығы жайлы өз ойын білдіріп, қолдайтынын айтты.
Әр ауылдық округтердің ардагерлер кеңесінің мүшелері мен ардақты ақсақалдары белсенділік танытып, ұсыныстарын жеткізді.
Жангелдин аудандық мешіттің бас имамы Рүстем Исламұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабын өмірде басшылыққа алу қажеттігін ескере отырып, қара жамылған үй иелеріне салмақ салып, ысырапшылдыққа жол бермеу керектігін айтып өтті.
Сондай-ақ ол жиын соңында мәжіліске келіп, ұсыныстарын білдірген ақсақалдар мен қонақтарға шынайы алғысын білдіп, арнайы дастарханан дәм таттырды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі