Жаназа және жерлеу рәсімдері жайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қабылдаған ортақ тәртібі мен пәтуалары барлық өңірлерде халыққа кеңінен түсіндіріліп жатқаны белгілі.
Осындай ауқымды шара өткен жұма күні Рудный қалалық «Нұр» мешітінде болып, имамдардың қала тұрғындарымен бас қосуы ұйымдастырылған еді. Міне, осы игі шара Қашар кентінің «Кәмшат ана» мешітінде жалғасын тапты. Аталмыш «Салт дәстүр және діни рәсімдер» атты семинарға Қашар кенті тұрғындары мен қала зиялылары қатысты.
Бұл аса маңызды семинарға Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Азамат Серікбайұлы арнайы келіп халықпен жүздесті. Жиналған қауымға ол қабылданған шешімді басшылыққа алу керектігін түсіндірді.
«Кәмшат ана» мешітінің бас имамы Ерлан Өмірбекұлы жиын соңында семинарға қатысушыларға «Бұл қабылданып және өздеріңізге жеткізіліп жатқандағы мақсатымыз, жаназа шығатын үйде ысырапқа жол бермеу және әрбір мұсылман қауымы білуге тиіс» екендігін айтып өтті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі