Жуырда Рудный кеншілер қаласындағы алып комбинаттың Жөндеу-механикалық, Металлопрокат зауыттары, УПХиС, УРТО, ТЭЦ, Фабрика және Көлік басқармасы мекемелерінің жұмысшыларымен және қалалық аурухананың қызметкерлерімен «Бірлікті сақтау және фитналардан аулақ болу» атты тақырыпта ауқымды семинарлар болып өтті.
Бұл семинарларға аталған шаһардағы «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Темірбекұлы қатысты. Дін қайраткері жүздесуде жиналғандарға ислам әрқашан да бейбітшілікті қолдайтындығын, оның ұстанған мақсаты ізгілік, ауызбірлік екендігін айтты.
Басқа да бүгінгі таңдағы жұртшылықты толғандырып жүрген өзекті мәселелерге де кеңінен тоқталды. Әрбір азамат дін жөнінде сауаты болса, теріс ағымдардан аулақ болатындығын баяндады.
Қазіргі таңда мемлекетіміздің өсіп өркендеуі үшін халықтар арасындағы достық қарым-қатынас ерекше орын алатындығын тілге тиек етті.
Басқосуларда жұртшылық тарапынан сауалдар да қойылды. Бас имам ол сұрақтардың бәріне де нақты мысалдар келтіре отырып, жауап берді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі