Өңіріміздің аудандары мен қалаларында ақпараттық - насихаттық топтарының жұмысы барынша жандана түсуде.Бұл игі – істер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облысы бойынша өкілдігінің тұрақты назарында.
Мәселен, жуырда Наурызым аудандық ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері яғни Түркебай мешітінің Бас имамы Н.Сыздықов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Сұлтанова, әдіскері Д. Тасанова аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлермен «Экстремизм және терроризм діни сауатсыздық», «Жалған жиһад» тақырыптары бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Бұл тағылымды басқосуда жиналған қауымға бейнероликтер көрсетілді. Сондай –ақ қызметкерлердің тарапынан қойылған сұрақтарға аудан имамы нақты жауап берді.
Дөңгелек үстел өте тартымды өтті. Мемлекеттік қызметкерлер маңызды мәселе жайлы қаншама деректер мен дәйектерге қанықты.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі