Дәл осы тақырыпта Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтта және политехникалық колледж студенттерімен дөңгелек үстел басында танымдық сағатын өткізді.
Бұл іс-шараның көздеген мақсаты - студенттерге хақиқи ислам діні мен ағым-секталардың айырмашылығын түсіндіру. Жастарымызды имандылыққа, құрметтілікке тәрбиелеу.
Жоғарыда аталған мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы өз сөзінде өскелең ұрпаққа имандылық тәрбие берудің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Кездесу барысында «Алданған жастар» деп аталатын бейне ролик көрсетіліп, өмірден алынған ащы шындықтар көрермендерге ерекше әсер етті.
Сондай-ақ іс-шара кезінде жас ұрпақтың киім киісі, жүріс-тұрысы, үлкенді құрметтеуі және көпшілік жерде өздерін қалай ұстауы жөнінде де ғибраттық әңгімелер айтылды.
Жүздесу соңында оқу орындарының ұстаздар қауымы мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.