Науырзым аудандық «Түркебай» мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Сейілханұлы, аудандық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінен жастар ісі орталығының директоры Ганди Ерболұлы және аталған мешіттің алқа мүшесі Хасенғали Камалұлы Раздольный ауылында болды.
Олар ауыл әкімі Ерлан Кәкімұлы мен мектеп директоры Қымбат Тұрғымбекқызының ұйымдастыруымен өткізілген ауыл жастары және мектептің жоғары сынып оқушыларымен басқосуда «Ислам және Зайырлы мемлекет пен қоғам», «Діни экстремизм мен терроризмді насихаттаудың алдын алу» және «Ислам мен дастүр сабақтастығы, жастар тарбиесі туралы» тақырыптарды қозғаған басқосуға қатысты.
Ауданнан келген қонақтар өздеріне қойылған сауалдарға нақты жауап берді. Осы арада бір тоқтала кетер жай, аталған елді-мекенде мәуліт мерекесі тиісті деңгейде өткізіліпті. Оны ғибраттық жағы ерекше етіп, ұйымдастыруда ауыл әкімі және басқа да жанашыр азаматтар өздерінің лайықты үлестерін қосты.
Онда діни рухани әндер орындалды. Басқа да жиналғандарға ой саларлық уағыздар айтылып, ауданның бас имамы Нұрлан қажыға Сейілханұлы сөз сөйлеп, мәуліттің мәні мен мағынасы хақында әңгімеледі.
Басқосуда ауыл молдасы Бейсенбай ақсақал бата беріп, жиналған қауым мәуліт жайлы көп тағылым алды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі