Жақында Жангелдин ауданының орталығы Торғай селосындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің акт залында имамдарға арналған семинар болып өтті.
Онда басқосқандар „Жаназа және жерлеу рәсімдері„ кітабының мәні мен мазмұнына кеңінен тоқталды. Мұны қазіргі таңда әрбір мұсылман жете білуге тиіс екендігі айтылды.
Семинарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет жүргізіп, жаңа кітаптың ерекшелігіне кеңінен тоқталды.
Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының республикалық ақпараттық-насихат тобның мүшесі Ризабек Батталұлы „Жаназа мәселелері„ тақырыбы бойынша келелі әңгіме қозғап, өзінің осы еңбек жөніндегі тұжырымды ойларын ортаға салды.
Жиында оған қатысушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Көп жайды көңілдеріне түйіп, мұсылман қауымына алдағы кездері аса қажетті кітаптың мазмұнына көңілдері әбден толды.
Басқосуды қорытындылай келе өкім имам Бахытбек Нұрғабылұлы мәртебелі қонаққа өзінің ризашылығын білдірді. Барша имамдарға жұмыстарына табыс тіледі.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі