Қазақтың мемлекеттілігінің тарихы Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандық құрған кезден басталады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы активімен кездесу барысында айтты.
Н.Назарбаев келесі жылы еліміз қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекелейтінін айтты.
«Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз - бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн», - деді Қазақстан Президенті.