Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
21 04.14

Қарты бар елдің – қазынасы бар

Абыз ақсақалға құрмет көрсетілді

немесе 80 жасар Мырзағали Ғабдоллаұлы туралы сөз

Өтіп бара жатқан өмір – ай десеңізші. Арамызда үлкенге сүйікті іні, кішіге-ардақты аға болып жүрген аса құрметті ақсақал Мырзағали қажы Ғабдоллаұлы осы жуырда ғана 80 жасқа толды.

Соған байланысты облыстың бас имамы Асылхан Түсіпбек, Қазақстан қажылар қауымдастығы Қостанай облысы филиалының төрағасы Жақсылық Ғайсин және облыстық мешіттің наиб имамы Бақытжан Икрам жақында мерейтой иесінің қара шаңырағында болып оны шын жүректен құттықтады.

Өңірдегі аса беделді қажыға жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпат көрсетті. Жалпы Мырзағали ағамыз қандай құрметке де әбден лайықты. Ол өткен жылдар ішінде өзінің азаматтық, ұйымдастырушылық, іскерлік, адамгершілік қырларымен өңірдегі барша замандастарына үлгі болды. Көптеген лауазымды да жауапты қызметтерді атқарды.

Біздің қазақ әдемі қартая білуде өнер дейді. Ол өте орынды айтылған. Осындай өзінің айналасындағыларға күндей шуағын төгіп келе жатқан тұлғалардың бірі де бірегейі Мырзекең десек қателеспес едік.

Ол кісінің тағы бір кейінгі інілеріне өнеге әрі тағылым болар қыр өте қарапайымдылығы. Бұл оның азаматтық ажарын барынша аша түседі. Кейіпкеріміз ұзақ жылдар бойы облыстық Әулиекөл ауданында жұмыс істеді. Онда да жерлестері айтып жүретіндей жарқын із қалдырды. Көрнекті тұлғаның Қазанбасы елді мекеніндегі тыңдырған жұмыстарының өзі бір төбе.

Мырзағали аға атына заты сай бауырымыз. Ол өзінің жомарттық, қайырымдылық секілді қасиеттерімен де көпке танымал. Ұзақ жылдар бойы Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітіне қолдау көрсетті.

Қостанай қаласына қоныс аударғаннан кейін де облыстық Марал ишан мешітінің тұрақты демеушісіне айналды.

Ол отбасында да бақытты. Ынтымағы жарасқан әулеттің басшысы ғұмырлық серігі Майнұр апамыз екеуі бақытты өмір сүріп, ұл мен қыздарының, немерелерінің қызығына бөленіп отыр.

Ұлтымызда «Асыл адам айнымас» деген де әдемі сөз бар. Бұл да біздің 80 жасқа толып отырған ұлағатты да аузы дуалы ағамызға арналып айтылған секілді. Өйткені, ол ешқашанда барға тасып, жоққа жасыған емес.

Мен де ол кісі жайлы кезінде көлемді мақала жазып, республикалық яғни, оның сүйіп оқитын басылымы «Ислам және өркениетке» жарияладым. Өзімнің кезекті бір кітабыма да енді. Онымен әңгімелесу қайсы қаламгер үшін де үлкен қуаныш сыйлайды.

- Өз басым Мырзағали ағаны ерекше құрметтеймін. Оның жүріс-тұрысын былай қойғанда, әрбір сөзінде тағылымы мол ғибрат жатыр. Жерлестерінің арасында өте абыройлы. Оның осы өткен мерейтойында да халық арасындағы беделінің қаншалықты жоғары екендігіне тағы да көзіміз жетті,-дейді Қазақстан қажылар қауымдастығы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Жақсылық Ғайсин бізбен болған әңгімесінде.

Біз Мырзағали Ғабдоллаұлына алдағы уақытта да мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасында бақыт тілейміз. Ұлтымызда осындай ардақты қарттарымыз көп болса, еліміздің де мәртебесі бұдан да асқақтай түсер еді-ау.

Қарты бар елдің – қазынасы бар

Оразалы Жақсанов.

алдыңғы жаңалық
Имамдар біліктілігін көтерді
келесі жаңалық
Қалада тазалық апталығы өтіп жатыр

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником