Мешітте көмекке мұқтаж жандар ескерусіз қалмайды
«Қолы ашықтың жолы ашық» деген халық мақалы өмірден ойып алынған шындық. Өйткені, қолындағы барымен бөліскен адамға әрқашада Алла Тағала да берекесін береді.
Мысалы, Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде қайырымдылық мақсатындағы игі істер жалғасын табуда. Бұл орайда демеушілердің көмекке мұқтаж жандарға тигізіп жатқан ықпалын ерекше атап өткен жөн.
Ислам діні ешкімді ұлт пен ұлысқа бөлмейді. Жуырда өңірдегі түрлі ұлт өкілдерінен тұратын 30-ға жуық жанұяға назар аударылып, оларға қайырымдылық жасалды.
Өздеріңіз де баспасөздерден оқып жүрген шығарсыздар. Облыстық мешітте күн көрісі төмен, мүгедек және жалғызбасты аналардың өтініш-тілектері әрқашан да басшылыққа алынып, қолдан келгенше көмек көрсетіледі.
Жалпы, мұндай игі мақсаттағы шараларды әр ай сайын өткізіліп тұрады. Мұндай кезде қалталы және мүмкіндігі бар азаматтар ортақ ізгілікті істен шет қылмайды деген үміттеміз.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі