Құлағыңыз түрік жүрсін
Белгілі дін қайраткері Бақытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы болып тағайындалғаннан бері талай жұртшылықты елең еткізерлік игі өзгерістер мен тың жаңалықтар болып жатыр.
Соның жарқын бір айғағы ретінде облыстық мешітте «Имам телефоны» жұмыс істей бастады. Баршаға мәлім, дін саласы бойынша өз беттерінше сауатын ашқысы келгендер немесе өзге де өздерін толғандырған жайларға байланысты нақты жауап алуға ниеттенген азаматтар әдетте ғаламтордың көмегіне жүгінеді немесе таныстарынан сұрап жатады.
Алайда, олардан алған жауаптарына қанағаттанбаулары да әбден мүмкін. Сондықтан осы саладағы терең білімді дін қайраткерлері яғни мешіт қызметкерлері мұндай кезде нақты көмек бере алады.
Қазіргі кезде екінің бірінде ұялы телефон бар екендігі белгілі. Сол себептен көкейде жүрген нақты сауалдарға байланысты +7 707 320 44 50 нөміріне күндізгі сағат 9.00 ден бастап Құптан намазы арасында хабарласуға болады.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі